Сенат Денсаулық кодексі жобасын Мәжіліске қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Денсаулық кодексі жобасын Мәжіліске қайтарды

11.06.2020

Сенат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды. Бірнеше ай бойы талқыланған құжат вакцинация, трансплантология, темекі өнімдері, салауатты өмір салтын сақтау сияқты бағыттарды қамтиды.  

Жаңа кодексте трансплантология мәселесі кесіп айтылды. Бұған дейін халық арасында қызу талқыланған адам ағзасын ауыстыру толық заңмен реттеледі. Е4 бастысы ешкімнің дене мүшесі рұқсатсыз алынбайды. Бұл құжатта нақты жазылған.

Көптен бері көптің көкейінде жүрген күрделі мәселенің бірі – екпе салу. Депутаттардың айтуынша, қазір халық міндетті вакцинацияны мәжбүрлі деп түсініп жүр. Осының аражігін ажыратуға ерекше мән беру керек.

Ал ауру таралу қаупі жоғары уақытта екпе алмаған балалар мектетепке дейінгі білім беру мекемелеріне қабылданбайды. Мамандардың айтуынша, вакцина Қазақстанда пайдалануға рұқсат берілмес бұрын оның құрамы мен өндірушілердің мүмкіндіктері толық зерттеуден өтеді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу