Шардара ауданында газ баллоны жарылып, екі бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шардара ауданында газ баллоны жарылып, екі бала құтқарылды

16.01.2023

Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды. Ал оның екі баласы жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, газ баллоны жарылып, үйдің төбесі мен қабырғалары жартылай опырылып түскен. Құтқарушылар келгенге дейін көршілер құлаған қабырға астынан екі баланы алып шыққан. Қазір олар аудандық ауруханада ем алып жатыр. Жарылыс себептері анықталып жатыр.

Қайрат Әзтаев, хирургия бөлімінің меңгерушісі:

Бетін, екі қолын күйік шалған. Жарақат алған. 12 пайыз, 16-17 пайыз күйік шалған. Емдерін қабылдап жатыр. Түскен кезде травматикалық шок 1-ші дәреже болды. Жалпы бүгінгі таңға жағдайлары жақсы, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қанат Сартбаев, Шардара аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

Алдын ала болжамдар бойынша газ баллон салдарынан болып тұр аталған жарылыс. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша Шардара аудандық ТЖБ-мен қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар толық дайындалып, тергеу әрекеттері жалғасуда.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу