Көкшетаудағы көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, 8 адам жарақат алды
Көкшетауда көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, 8 адам жарақат алды. Алтауы бала. Кішкентайы 7 жаста. Олардың үйден көршілері алып шаққан. Оқыс оқиға кеше кешке болған.
Ермек Елберген, тілші:Газ баллоны Васильковский шағын ауданындағы мына үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жарылған. Төрт литрлік газ баллонын баспанаға пәтер иесі алып келген. Бұл үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Бірақ үй иесінің газ баллонды пәтерге неге әкелгені белгісіз. Мамандар оны анықтап жатыр. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Баспананың терезелері сынып, балкон жақтаулары опырылып түскен. Пәтерде екі отбасы тұрып жатқан, зардап шеккен 6 бала дереу ауруханаға жатқызылды. Үшеуі жансақтау бөлімшесінде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07