Гималайда 8 альпинист жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гималайда 8 альпинист жоғалып кетті

03.06.2019

Үндістан әуе күштері Гималайда жоғалып кеткен сегіз альпинисті іздестіруге тікұшақ аттандырды. Тау басында ізім-қайым кеткендердің төртеуі – британдықтар, екеуі – америкалықтар, тағы екеуі – Австралия мен Үндістаннан. Олармен байланыс мамырдың 26-ында Гималайда қар көшкеннен кейін жоғалып кетті.

Жалпы, бұл аймақта биылғы тауға шығу маусымы қауіпті болды. Соңғы мәліметке қарағанда, Эверестің непалдық жағында кейінгі бірнеше аптада кемінде тоғыз адам қаза тапқан. Гималай шыңында 2015 жылдан бері мұнша көп адамның өмірі қиылмаған екен.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу