Непалда су тасқынынан 43 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда су тасқынынан 43 адам қаза тапты

21.10.2021

Непалда бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда 43 адам қаза тауып, 30 шақтысы жоғалып кеткен. Және де елдің батысындағы Сети ауылына жету мүмкін болмай отыр.

Онда 60 тұрғын топанның ортасында қалған. Бұған қоса күріш алқаптарын, көпірлерді, жол мен үйлерді де су шайып кетті.

Непалда муссон жауындары маусымда басталып, күздің ортасына дейін жалғасып, одан мыңдаған адам зардап шегеді.

Арыстан Рысбек


Непал су тасқыны

Хабарламаларға жазылу