Оңтүстік Корея астанасы Сеулде қараша айында болған қайғылы жағдайға жергілікті шенеуніктер кінәлі. Тергеу тобы осындай қорытындыға келді. Ұлттық полиция мен ішкі істер министрлігіндегі жоғары лауазым иелерінің міндетін тиісінше орындамағаны дәлелін таппады. Есесіне төменгі дәрежелі шенеуніктер кінәлі деп танылды. Олардың алтауы қамауға алынған. Арасында полицияның бұрынғы басшысы мен қайғылы оқиға болған ауданның басшысы да бар. Баяндамада тағы 17 адамды, оның ішінде Оңтүстік Корея астанасының полиция басшысын жауапкершілікке тарту ұсынылды. Еске салайық, былтыр күзде Сеулдегі Хеллоуин шеруіне жиналғандар бірін - бірі таптап, салдарынан 150-ден астам адам қаза тапты. Олардың арасында Қазақстан азаматы да бар еді. Ол 26 жастағы Ақтөбе облысының тумасы. Отандасымыз Оңтүстік Кореядағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген.
Серік Селеубай