Дүниежүзілік Универсиада ойындарын ел құрамасы жеңіспен бастады
АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Оны Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетті.
Студенттер арасындағы отызыншы ақ ойында 50 елден мың жарымға жуық спортшы бақ сынайды. Атлеттер спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Біздің елден бұл додаға 78 спортшы қатысады.
Хоккейшілеріміз алғашқы ойынын өткізіп үлгерді. Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяға қарсы өткен матчта 5:1 есебімен басым түсті. Енді хоккейшілер В тобындағы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.
Дүниежүзілік Қысқы Универсиада қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында өтеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10