«Балдәурен» сауықтыру орталығының басшысына қатаң шара қолданылады - министр
«Балдәурен» сауықтыру орталығының басшысына қатаң шара қолданылады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деді.
Аталған лагерьде демалып жүргенде кенеттен көз жұмған 14 жасар жеткіншектің өіліміне байланысты министрлік жанынан арнайы комиссия құрылған. Құрамында Балалардың құқығын қорғау комитеті, білім басқармасы мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен өзге де құзыретті органдар аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кеткен. Ал қазіргі жасалған сараптама нәтижесі баланың IV дәрежелі қатерлі ісікпен ауырғанын көрсетті.
Ғани Бейсембаев , ҚР Оқу-ағарту министрі:
Барлық мәселелер әділетті түрде қатаң тексерілетін болады. Ол менің жіті бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерьдің басшылығына қатаң тиісті жаза қолданылатын болады. Сондықтан да қалған мәселелерге қатысты құқық қорғау органдарымен бірге тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мәселелер толық анықталғаннан кейін нақты шешім туралы хабарлайтын боламыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12