Украина мен Ресей омбудсмендері кездесті
Түркия астанасы Анкара қаласында Украина мен Ресейдің адам құқықтары жөніндегі омбудсмендері кездесті. Дмитро Лубинец пен Татьяна Москалькова кездесуіндегі негізгі мәселе - екі ел арасындағы тұтқын алмасу жайы және із-түзсіз кеткендер туралы деректермен алмасу болды.
Бұдан бөлек, омбудсмендер Ресей қарамағына өткен Украина қалаларында Ресейге қарсы саяси көзқарасы үшін сотталған азаматтарды босату мәселесін талқылады. Түркияда өткен «XXI ғасырдағы адам құқықтарының келешегі» форумы аясындағы үшжақты кездесуде, сондай-ақ 2014 жылдан бері Ресей аумағында сотталған Украина азаматтарын босату жайы да талқыланды.
Тараптар Женева конвенциясына сәйкес жаралыларды ешқандай шартсыз қайтару үшін жаралы тұтқындар тізімімен алмасты.
Татьяна Москалькова, Ресей Федерациясының адам құқықтары жөніндегі омбудсмені:
Біз бұған дейін Лубинец мырзамен әскери тұтқындардың тізімімен алмасқанбыз. Содан кейін қорғаныс министрлігі және басқа да арнайы ұйымдардың көмегімен сол тізімдегі 40 украиналық әскери тұтқынды 40 ресейлік әскери тұтқынға алмастырдық. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береміз.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01