Ауа райына байланысты елдің 12 өңірінде мектептер жабылып, оқушылар сабақты онлайн оқиды. Білім басқармаларының хабарлауынша, Астана қаласында бірінші ауысымдағы барлық сынып оқушылары мен колледждердің 1, 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Ақтөбе облысында бүгін-ертең 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарының аудандарында бірінші ауысымда оқитын оқушылар да мектепке бармайды.
Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 0-9 сынып оқушылары үйден білім алады.
Асылбек Данияр