АҚШ-та полиция 6 жасар оқушыны қарауына алды
АҚШ-тың Вирджиния штатында сабақ үстінде мұғалімге оқ атып, жаралаған алты жасар оқушыны полиция қарауына алды. Оқиға осыдан үш күн бұрын Ньюпорт Ньюс қаласында болған еді. Сабақ өтіп жатқан уақытта мұғаліммен сөзге келіп қалған бірінші сынып оқушысы тапаншадан оқ атып, ұстазын ауыр жаралаған.
Шұғыл жан сақтау бөліміне жеткізілген мұғалімнің жағдайы тұрақталып келеді,-дейді дәрігерлер. Полиция қызметкелері бала кездейсоқ емес, қасақана оқ атты деп отыр. Бірақ оқыс оқиғаға нақты не себеп болғаны және оқушы мылтықты қайдан алғаны немесе қарудың кімге тиесілі екенін айтудан бас тартты.
Вирджиния заңы 6 жасар балаларды ересектер секілді соттауға мүмкіндік бермейді. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі департаменттің қарауына беруге де жасы жетпейді. Сондықтан кінәлі деп танылған жағдайда, сот әке шешесін ата-ана құқынан айырып, баланы әлеуметтік департамент қызметіне беруі мүмкін.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14