Түркістан облысында қызметкерінен ақша талап еткен басшы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында қызметкерінен ақша талап еткен басшы ұсталды

27.07.2022

Түркістан облысында қызметкерінен ірі көлемде пара алған бөлім басшысы ұсталды. Ол – Сарыағаш ауданының тұрғыны.

Күдікті қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, қызметкерін жұмыстан шығармау үшін үлкен көлемде ақша талап еткен. Ол жәбірленушіден миллион теңге алып жатқан сәтінде қолға түсті. Полицейлер заттай дәлел ретінде ақша тәркіледі.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Хабарламаларға жазылу