Қытайда коронавирус өршіді
Қытайда коронавирус өршіді. Науқастардың көптігі соншалық, олар ауруханаларға сыймай жатыр. Ал жаңа түскен пациенттер 5 сағат кезек күтуге мәжбүр. Ауырып жатқандардың көбі - егде жастағылар. Ауруханалар бірінші кезекте қарт адамдарды қабылдап жатыр. Оттегі баллондарымен тыныс алып жатқандары да көп. Тұрғындар болса, локдаунды жеңілдетпес бұрын, коронавирусқа қарсы шараларды дұрыс қамтамасыз етуі тиіс еді деп, билікті сынға алды. Қаңтардың екінші жартысында қытайлықтар Жаңа жылды тойлайды. Ковидке қатысты ахуал сол кезде тіптен ушыға түсуі мүмкін.
Бенджамин Коулиң, эпидемиолог:
Қытайда биыл қыста ковидтен 1 миллионнан астам адам қайтыс болуы әбден мүмкін. Дегенмен шекара екі жыл бұрын ашылып, ковид толық бақылауға алынбағанда, марқұмдардың саны бұдан да көп болар еді. Алайда, алдын алу шаралары дұрыс жүргізіліп, нөл-ковид саясатын алып тастайтын уақыт дұрыс таңдалғанда, жағдай осыншама ушықпас еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12