Марат Қарабаев: Металдарды дайын өнім түріне дейін өңдеу тереңдетілмек
Базалық металдарды дайын өнім түріне дейін өңдеуді тереңдету қолға алынбақ. Үкіметте өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осылай деді. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен кеңестің бесінші отырысы тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелеріне арналды. Үкімет басшысы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін өнеркәсіп жаңа жылдан бастап бес жылға пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босатылғанын айтты. Қазір тау-кен металлургия кешенінің экономикадағы үлесі сегіз жарым пайыз. Былтыр құны 232 млрд теңге болатын 19 инвестициялық жоба іске асқан. Өнім шығару көлемі 17 пайызға өсіп, 11 трлн теңгеден асты.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09