Шымкент мұнай өңдеу зауыты өнім көлемін екі есеге дейін арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент мұнай өңдеу зауыты өнім көлемін екі есеге дейін арттырмақ

25.11.2021

Шымкент мұнай өңдеу зауыты өнім көлемін екі есеге дейін арттыруды көздеп отыр. Кәсіпорын мұнай кен орындарын көбейтудің нәтижесінде 12 миллион тоннаға дейін жанар-жағар май өндірмек. Бұл туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Зауыт қажетті шикізатты Теңіз, Қашаған, Ақтөбе және Құмкөл кен орындарынан алуды көздейді. Бұл жобаны іске асыру үшін 3 жарым жылдай уақыт қажет. Кеңесте мұнай тасымалдау қуаттылығын арттыру жолдары да сөз болды. Ол үшін батыстан Шымкентке тартылған желінің бойына бірнеше шикізат тасымалдау станциясын салу ұсынылып отыр. Тараптардың ұсынысын тыңдаған министр жобаларды жүзеге асыруға байланысты тапсырмалар берді.
Мағзұм Мырзағалиев,    ҚР Энергетика министрі:
 Зауыттың қуаттылығын арттыруға байланысты жобаның қазірден бастап техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісу керек. Және оның өнім көлемін ұлғайту үшін қажетті мерзімді де оңтайландырғанымыз жөн. Сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу зауытының келесі жылдың қазан айына жоспарланған жөндеу жұмыстарын аграрлық секторға ыңғайлы кезеңге ауыстыруды тапсырамын. Өйткені бұған дейінгі кезеңдердегідей жиын-терім науқанында жанар-жағар май тапшылығының алдын алумыз керек.
Энергетика министрі Шымкентке сапары барысында индустриалды аймақта орналасқан мотор майын өндіретін зауыт мен Шымкент химиялық компаниясына барды. Кәсіпорындардың өндірістік қуаты және жұмыс барысымен танысты. Жаңадан салынып жатқан мұнай-химия комбинатының құрылысын аралады.

Хабарламаларға жазылу