Сенатор: Ауылға жас мамандарды тарту керек
Жетісу облысына инвесторларды тартып, үлкен кәсіпорындар ашу керек. Өңірге келген жас мамандардың бірінші кезекте әлеуметтік жағдайын шешу керек. Осы аймаққа іс-сапармен барған Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев осылай деді. Ол Көксу ауданында салынып жатқан баспана және мектеп құрылысын көрді. Екі ғимарат ақпан айының соңына дейін тапсырылуы тиіс. Ал оның сапалы салынуы жергілікті биліктің бақылауында болу керек. Жетісу облысының негізгі бағыты ауылшаруашылығы болғандықтан ауылдағы ағайынның алаңсыз еңбек етіп, отбасын асырауы үшін бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы тұрақты болуы маңызды, дейді сенатор.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Үлкен-үлкен кәсіпорындар болу керек. Мысалы 22 кәсіпорынның жетеуі біздің ауданда қалды. Қалғанының бәрі Алматы қаласының мегополиясының төңірегінде. Сол себептен біз инвесторларды тартып ауылды көтеруіміз керек. Ауылдарға жас мамандар әкелуіміз керек.
Қ.Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 10:34
Қарағанды облысында 5 полиция қызметкері «ерлігі үшін» медалімен марапатталды
12.05.2026, 10:33
Мектептегі буллинг: 272 ата-анаға айыппұл салынды
12.05.2026, 10:31
Бейжіңде Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
12.05.2026, 10:30
Трамп Тегеранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 10:16
Ресейде хантавирусқа қарсы вакцина шығарылмақ
12.05.2026, 10:12
Еуропада кеме жолаушыларының бірінен хантавирус анықталды
12.05.2026, 10:10
Хантавирус тараған кемеде эвакуация аяқталды
12.05.2026, 10:09