Елордада жас мамандарды оқыту курсы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жас мамандарды оқыту курсы басталды

14.11.2016
Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жұмысқа жаңадан қабылданған жас прокурорларды оқыту курсы басталды.
Айта кетейік, Бас прокуратура биылдан бастап қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың жаңа әдісін енгізген болатын. Бұрын мамандарды іріктеуде олардың білімі мен біліктілігі ескерілсе, бұдан былай қоғамдық көзқарасын, мақсатын, мінез-құлқын анықтайтын жайлар да қамтылады.


Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу