Ақмол ауылында жаңа емхана ашылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмол ауылында жаңа емхана ашылды (ВИДЕО)

01.09.2014
Ақмол ауылында жаңа емхана ашылды (ВИДЕО)

Мереке күні Ақмол ауылында  жаңа емхана ашылды. Осы уақытқа дейін жұртшылық тозығы жеткен тар ғимаратқа баратын еді.

Ал, қазіргі қолданысқа берілген емхана заман талабына сай жарақталған, бөлмелері кең, қаралуға өте ыңғайлы. Күніне 250 адам ем қабылдай алады.

Сонымен қатар, тәуліктік стационарда жатып, емделуге де мүмкіндік бар. 

Мұнда 300-ге жуық адам еңбек етеді. Дегенмен, дәрігерлер маман тапшылығы бар екенін айтады. Алдағы уақытта жас мамандарды жұмысқа тарту жоспарланған.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу