Шетелден білікті маман тарту үшін платформа құру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден білікті маман тарту үшін платформа құру ұсынылды

29.02.2024

«Шетелден білікті маман тарту үшін Үкімет арнайы платформа құруы қажет». Сенатор Амангелді Толамисов, елімізде кадр тапшылығын шешудің әдісін ұсынды. Депутат бұл мәселені халықаралық тәжірибеге сүйеніп оңтайландыру керек, әрі, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде, жоғары білімді шетелдіктер мен олардың отбасылары үшін салықтық жеңілдіктер көзделуі тиіс, - дейді. Қызмет іздеп келген шетелдіктерге жеңілдетілген визаларды мүмкіндігінше ұзақ мерзімге енгізу жайы да айтылды.

Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шетелден талантты мамандарды тарту, әсіресе, шығармашылық пен кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен мамандарды шақыру маңызды. Сұранысқа ие болып отырған және жоғары білікті кадрлардың тапшылығын азайту қажет. Негізгі жаһандық трендтердің бірі – технологиялар транспортын қамтамасыз ете алатын білікті еңбекші көшіп келушілерді тарту болып табылады.


Хабарламаларға жазылу