Ерлан Қарин: Басты мәселе мемлекеттігімізді сақтап қалу болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Басты мәселе мемлекеттігімізді сақтап қалу болды

05.01.2023

«Олардың мақсаты – жаңашылдыққа тосқауыл болып, ескі тәртіптерді сақтап қалу еді». Мемлекеттік кеңесші қаңтар оқиғасы туралы осылай деп жазба жариялады. Ерлан Қариннің сөзінше, сол сәтте елімізге хаос пен анархияға түсу қаупі төнді. Елдің бірлігі мен Президенттің әрекетінің арқасында мемлекеттік төңкеріс болмады», - деп жазды ол. Қаңтар оқиғасынан кейін елдегі либерализация мен демократия дами түскенін атап өтті. Президенттің бастамасымен жан-жақты жаңғыру процесі басталды. Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты қоғамның қолдауына ие болды. Бұған референдум мен Президент сайлауының нәтижелері дәлел. Енді біздің алдымызда қоғам ірілігін сақтай отырып, жоспарланған реформаларды толық жүзеге асыру міндеті тұр», - деді Мемлекттік кеңесші.  

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу