Қостанай облысында 5 көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 5 көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды

04.01.2023

Қостанай облысында 5 көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды. 9 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған, оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға Арқалық-Торғай тас жолының бойында болған. Аймақта қалың қар жауып, боран соғуының салдарынан жол дұрыс көрінбеген.

Мұнан бөлек тайғақ та апатқа себеп болуы мүмкін. Соңғы екі күн бойы облыста ауа райы бұзылып, барлық бағыттағы жолдар жабылған. Төтенше жағдай қызметкерлері жолаушылап шығып, далада қалған 9 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Оның біреуі бала.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу