Қарағандыда екі автобус соқтығысып, 1 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, 1 адам қайтыс болды

25.11.2022

Қарағанды қаласына кіреберістегі көпір үстінде екі автобус соқтығысып, жүргізушінің бірі оқиға орнында көз жұмды.18 адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде екінші автобустың жүргізушісі де бар. Қоғамдық көліктер қалааралық бағытта жүрген. Автобустың бірінде жолаушы болмаған. Дәрігерлердің мәліметі бойынша, ауруханаға жеткізілген 4 адамның жағдайы ауыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Берік Төлеубаев, Х.Ж.Мақажанов көпбейінді емхананың травматология орталығының басшысы:

Бізге қазіргі жағдай бойынша 18 науқас келді. Оның ішінде 2-еуі Мұқанова 7 мекен-жайы бойынша ауруханаға жеткізілді. Ең ауыр екеуі осында қылдырылды. Оларға шокқа қарсы ем-шаралар қолданып жатыр.

Руслан Нұрланұлы



Хабарламаларға жазылу