Еліміздің бірқатар аймағында боранға байланысты жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірқатар аймағында боранға байланысты жолдар жабылды

18.02.2021

Көлік қозғалысы Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді. Ақ түтек боран салдарынан жолда көру деңгейі өте төмен. Ақмола облысында көлік апаты болып, екі адам көз жұмды. Жарақат алғандар да бар. Оқыс оқиға Көкшетау-Зеренді тасжолында Айдарлы ауылының маңында болған. Екі жеңіл көлік соқтығысқан. Апаттың мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Павлодар облысы аумағындағы Омбы-Майқапшағай тас жолында да көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды. Ал көлік отырған басқа 4 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бәрі ауыр жарақат алған.

Қатты жел Ақмола облысы Жақсы аудандық мәдениет үйінің шатырын ұшырып кетті. Шығын анықталуда.

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 11 көлікті шығарып, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Өңірде боранның кесірінен 2-інші ауысымдағы оқушыларға мектепке барған жоқ. Сабақ онлайн өтті. Синоптиктердің айтуынша, боран ертеңге дейін сақталады. Сондықтан мамандар тұрғындарға жолға шықпау керектігін ескертеді.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу