Таразда дәстүрлі «Көктем» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда дәстүрлі «Көктем» фестивалі басталды

30.03.2015
Таразда дәстүрлі «Көктем» фестивалі басталды

Таразда дәстүрлі «Көктем» фестивалі басталды. Өнер маусымы «Astana Ballet» театрының «Шығыс рапсодиясы» бағдарламасымен шымылдығын түрді.

Театр ұжымы бағдарламаға ерекше дайындалған.

Балет театрында Қазақстанның және Ресейдің белгілі суретшілері, режиссерлері мен хореографтары жұмыс істеуде. 

Тараздықтарға тарту еткен туындыларының басым бөлігі ұлттық мәдениеттің құндылықтарына негізделген. Олардың қатарында «Қазақ вальсі», «Аққулар», «Қыздар шеруі»  сияқты озық үлгілі қойылымдар  бар.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

 
 
 

Хабарламаларға жазылу