Алматыда дәстүрлі «Аман келешек» мәдени-спорттық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дәстүрлі «Аман келешек» мәдени-спорттық фестивалі басталды

26.09.2017

Оған еліміздің барлық өңіріндегі интернаттар мен балалар үйінен 3000 оқушы жиналды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба - мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларын өзге де құрбы-құрдастарымен бір алаңда ой бөлісу арқылы инклюзивті қоғам орнатуға негіз. Себебі, мұнда талапты жеткіншектер робототехниканы бағдарлап, жинақтауды үйренеді. Сондай-ақ, автомодельдеу және космобиология сияқты технологиялық шеберлік сабақтарға қатысып, жауынгерлік өнердің қыр-сырын меңгереді. Сондықтан, бұл жас буынның спорт пен өнерді жан серігі етуге ықпал етеді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу