Киберполицейлер алаяқтардың Call-орталығын жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киберполицейлер алаяқтардың Call-орталығын жойды

30.12.2022

Қазақстандық және украиналық киберполицейлер алаяқтардың Call-орталығын жойды. Бірлескен операция Днепр қаласында өткен. Нәтижесінде Қазақстан азаматтарына телефон соғып, өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, күдікті транзакциялар туралы хабарлаған.

Белгісіз тұлғалар олардың есепшотын бұзып кірді деп жалған мәлімет беріп, транзакцияларды тоқтатамыз деген желеумен клиенттерді қаржылық мәліметтерді беруге көндірген. Ең сорақысы, біраз адамға онлайн-несие алдырған. Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 дана компьютерлік техника, 24 ұялы телефон, sim-карта және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Оларды тексеру барысында Қазақстан азаматтарының жеке деректері және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің эмблемасы бар деректер көзі табылды. Бұл ақпаратты алаяқтар өздерінің шоттарынан ақша жымқыру үшін форд-қоңырау шалу үшін пайдаланған.

Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы:

Арнайы операция барысында қылмыстық топтың Украина азаматтары арасынан шыққан 32 мүшесі ұсталды. Call-орталығы 40 адамнан құралған. Қазіргі уақытта Украина тарапы қазақстандық киберполицияның көмегі арқылы тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу