БАҚ: Стамбулда «Ислам мемлекетінің» балаларға арналған оқу-жаттығу базасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ: Стамбулда «Ислам мемлекетінің» балаларға арналған оқу-жаттығу базасы анықталды

20.10.2015
 БАҚ: Стамбулда «Ислам мемлекетінің» балаларға арналған оқу-жаттығу базасы анықталды

Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

Стамбул полициясы арнайы рейд жұмыстарының барысында «Ислам мемлекеті» террористік тобының оқу орталығын тауып, жойды. Онда өзбекстандық және тәжікстандық ондаған балалар білім алып жатқан.     

Осыған дейін Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері полиция қызметкерлерінің Анкарада болған жаралысқа байланысты арнайы жүргізген рейд жұмыстарының барысында 50 шет мемлекеттің өкілін ұстағандығын жария еткен болатын.

Рейд Стамбулдың Пендик ауданында қаланың азиялық бөлігінде жүргізілген. Елде ұсталған шетелдіктер «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қосылу үшін Сирия мен Иракқа атанбақ болған.

Vatan газетінің хабарлауынша, ұсталғандардың арасында 24 жасөспірім бар. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттерінен келген. Оларды радикалды ислам мен ИМ ұйымындағы ереже, тәртіптерге үйреткен. Орталықта сонымен  қатар, оқу-жаттығу жұмыстары да жүргізіліп келген.  

 


 

 

Хабарламаларға жазылу