Таразда ауруханада көз жұмған әйелдің туыстары жедел-жәрдем қызметін кінәлап отыр
Таразда ауруханада көз жұмған 46 жастағы әйелдің туыстары уақытылы келмеген жедел-жәрдем қызметін кінәлап отыр.
Қайтыс болған Людмила Остапенко үйінде жалғыз тұрған. Екі жыл бұрын жүрегіне операция жасалған екен. Ал қайғылы оқиға болған күні ол инфаркт алып, жедел-жәрдем шақырған. Алайда марқұмның туыстары жедел-жәрдем кешігіп келгенін айтады.
Бір емес, үш мәрте қоңырау шалса да сөйлеуге мұршасы болмаған адамнан, «Сіз массыз ба?» деп сұрай берген,- дейді Людмиланың анасы. Салдарынан 46 жастағы қала тұрғыны кардиологиялық клиникада жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Қазір осы іске қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Диспетчердің кінәсі бар-жоғы, соның қорытындысы шыққанда белгілі болады,- дейді облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары.
Ирина Шаевская, марқұмның туысы:
Біз кінәлілерді қатаң жазаға тартуды талап етеміз. Жауапсыз диспетчерлермен қатар, олардың басшылары да жазасыз қалмауы тиіс. Бұл бәріне сабақ балуы керек. Хабар түскен уақытта, әр нәрсені сұрай бермей, дереу жетсе, сіңлімді аман алып қалуға болар еді.
Нұрдос Сембек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14