Биыл 5,2 млн жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 5,2 млн жер мемлекетке қайтарылды

28.12.2022

Биыл Қазақстанда заңсыз берілген және игерілмеген 5,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туарлы бүгін Мәжіліс қабырғасында Ауыл шаруашылығы министрі айтты. Жақында қайтарылған жерлер бойынша интерактивті карта жасалады. Ол барлық азаматтарға қолжетімді болады.

Төменгі палата отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат аясында жер заңнамасын бұзған шенеуніктерге жауапкершілік күшейтіледі. Осы арқылы жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтердің сапасын арттырып, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру көзделген.

Министр келер жылы тағы 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады деді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу