«Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

22.12.2022
«Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

Бүгін спорт саласындағы ең маңызды наградалардың бірі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығын табыстау шарасы өтеді. Сыйлықтың серіктері Sport Qory - туризм және спорт индустриясын қолдау қоры. Салтанатты іс-шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт саласындағы кәсіби мамандарды, спорт журналистерін және басқаларды марапаттайды. Сарапшылар бастаған қазылар алқасы жылды қорытындылап және үздіктерді атайды.

Барлығы 14 номинация бойынша 20 лауреат есімі анықталады:

1) «Жылдың үздік спортшысы» - 2 номинация;

2) «Жылдың үздік жаттықтырушысы» - 2 номинация;

3) «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»;

4) «Жылдың үздік спорт мекемесі»;

5) «Жылдың үздік спорт өңірі» (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру басқармасы);

6) «Ауылдағы жылдың үздік жаттықтырушысы»;

7) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»

8) «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»;

9) «Ойын түрлері бойынша жылдың үздік спорт командасы»;

10) «Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері»;

11) «Жыл жаңалығы»;

12) «Үздік меценат»;

13) «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы»

14) Қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушыны еске алуға арналған «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы спорт журналистері премиясы»

Бұл сыйлықтың мақсаты – спортты насихаттау және спортшыларды үздік болуға ынталандыру.

Марапаттау кеші қазақ эстрадасының талантты әрі танымал өнер иелері: Ескендір Ибрагим, Айдана Меденова, Дэвид Чарлин, «JUMYR QYLYSH» тобы, Гүлнұр Оразымбетова, Ақтоты Болшова және басқалардың қатысуымен өтеді.



Хабарламаларға жазылу