Атырауда үйлер мен мектепке жылу берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда үйлер мен мектепке жылу берілді

27.12.2022

Атырау қаласындағы жылу жүйесінде болған апат жойылды. Оған 17 қызметкер мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Жедел топ 10 сағат бойы құбырдағы ақауды жөндеуге жұмыстанды. Диаметрі 426 мм, жалпы ұзындығы 3045 метрді құрайтын магистральдің бір бөлігі тесілген.

Оқиғаның салдарынан кеше түстен бастап Нұрсая ықшам ауданындағы 87 көп қабатты тұрғын үй мен 2300 оқушысы бар №40 орта мектеп уақытша жылусыз қалған еді. Бастапқыда дәнекерлеу жұмысын жүргізу мүмкін болмады. Өйткені құбырдағы су кедергі келтірген.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу