Атырауда академик Салық Зимановқа ескерткіш орнатылып, мектепке есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда академик Салық Зимановқа ескерткіш орнатылып, мектепке есімі берілді

13.12.2021

Атырауда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, академик Салық Зимановтың 100 жылдығына орай ескерткіш орнатылды. Биіктігі 4 метр болатын сәулет туындысының авторы - мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов. Сондай-ақ, заңгер-ғалымның есімі қала орталығындағы орта мектептердің біріне берілді.

Салық Зимановтың егемендік жолында сіңірген еңбегі орасан. Ол ежелгі билер сотының тарихын зерттеп, оны бүгінгі қоғамға ғылыми еңбек ретінде жеткізген қайраткер. Тағылымды шара «Салық Зиманов және қазақ мемлекеттілігі: тарихы мен құқықтың дамуы» атты тақырыпта өткен онлайн-ғылыми конференцияға ұласты. Оған депутаттар, белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Салық Зимановтың біздің мемлекеттік алудағы үлкен рөлі бар. Біздің декларацияны дайындауға ғылым тобының жетекшісі болды. Екіншіден, ол кісі Конституцияның қабылдануына жетекші болған ұлы ғалым. Сондықтан Салық Зимановичтің халқымыздың алдындағы, еліміздің алдындағы еңбегі мәңгі болады деп сенемін.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу