Сайлауалды шаралар кезінде бетперде тағу тәртібі сақталады
Адамдар көп жиналатын жерде бетперде тағу тәртібі сақталуы керек. Бұл туралы Сенат депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу жайы талқыланған жиын кезінде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер хабарлады.
Айжан Есмағамбетованың сөзінше, қазір елімізде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Барлық өңір жасыл аймақта. Алайда жедел респираторлық жұқпалы аурулар мен тұмаумен ауыратындар саны күрт артқан. Мысалы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда індет жұқтыру 20%-ға өсті.
Сондықтан сайлауалды шаралар мен кездесулер кезінде қауіпсіздік шаралары барынша сақталуы қажет.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:
Алдыңғы апталармен салыстырғанда, соңғы аптада сырқаттанушылық пайызы 3%-ға өсті. Сонымен қатар 12 өңірде R көрсеткіші бірден жоғары. Бұл инфекция таралуының өскенін растайды. Осыған байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, R көрсеткіші бірден жоғары болған кезде адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу ұсынылатынын еске саламын.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14