Алматыда «Таңжарық оқулары» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Таңжарық оқулары» басталды

19.03.2015
Алматыда «Таңжарық оқулары» басталды

Шараның мақсаты - Алаш әдебиетінің танымал өкілі, ұлт қайраткері, ақын-ағартушы Таңжарық Жолдыұлының өлеңдерін, өнегелі өмірін жас ұрпаққа дәріптеу. Алдымен ақын мұрасын зерттеуші ғалымдар сөз сөйлеп, «Таңжарық. Таңдамалы шығармалары» атты кітаптың тұсауын кесті.

«Халықаралық Таңжарық зерттеу» қоғамдық қорының бастамасымен шыққан жинақта ақынның таңдамалы өлеңдері мен дастандары топтастырылған. Шарада айтыскер ақындар сөз сайыстырып, сондай-ақ, Таңжарық Жолдыұлының айтыстарынан үзінділер орындады.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу