Алматыда Рақымжан Қошқарбаевты еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Рақымжан Қошқарбаевты еске алу кеші өтті

23.10.2014
Алматыда Рақымжан Қошқарбаевты еске алу кеші өтті

Алматыда Кеңес Одағының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Кеште Халық қаһарманының жақындары, туыстары мен зиялы қауым өкілдері батыр туралы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, батырдың қызы Әлия Қошқарбаева әкесінің адами қасиеттерін сөз етті. Ал, майдандас досы Жанша Жанасов соғыс кезіндегі ерлігін айтып берді.

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген.

Лейтенант Қошқарбаев қазақ тарихында Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен батыр.  

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу