Әлемдік компаниялардың сертификатын алған ІТ мамандарға жеңілдік жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік компаниялардың сертификатын алған ІТ мамандарға жеңілдік жасалады

15.12.2022

Әлемдік компаниялардың сертификатын алған ІТ мамандарға жұмысқа орналасу кезінде жеңілдік жасалады. Қазір шет елдерге кеткен қазақстандық мамандар елге қайтып жатыр. Олардың көбі осы салаға жастарды баулуға атсалысады.

Бұл жайында журналистермен өткен брифингте Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки айтты. Ол алпауыт ІТ компаниялардың емтиханын тапсырып, сертификат алғандарға жұмысқа тұруға жеңілдеу болады дейді. Өйткені қазіргі үлкен компаниялардың сұранысы бойынша теориялық біліммен қатар, кәсіби білім де болуы керек.

Дархан Ахмед-Зәки, Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы:

Amazon болсын, Microsoft болсын, бұлтты технологиялар дейміз, солардан тікелей мәліметтер қорын алу. Компетенцияға қолжетімді болу. Соның ішінде деңгейлі курстар өтеді де, соны қабылдап, емтихан тапсырып, сертификат алады. Бұл - өте жақсы қарқын. Соның бәрі цифрландырудың бір үрдісі.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу