Алматыда «Айшуақ Жантүгел» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Айшуақ Жантүгел» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

26.05.2021

Алматыда «Айшуақ Жантүгел» қылмыстық тобының 7 белсендісі ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай топтың заңсыз әрекеттері 2018 жылы Сарыбұлақ көлінде балық аулау әрекетімен басталған. Сондай-ақ, олар адам ұрлау, қарақшылық жасау арқылы базарлар мен автовокзалдарды қаладағы өзге де бірнеше нысанды бақылауда ұстаған. Арнайы операция кезінде топ мүшелерінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізілді. 4 бірдей суық қару мен оқ- дәрілер тәркіленген. Топтың мүшелеріне қатысты 17 қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұйымдасқан топтың басқа да өкілдері іздестіріліп жатыр. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу