Анталияда көшелер мен үйлерді су басты
Түркияның Анталия қаласында нөсер жаңбырдан соң сел жүріп, көшелер мен үйлерді су басты. Бір көпір қирап, жүздеген көлік су астында қалған.
Кеше түстен кейін басталған толассыз жауын салдарынан қала аумағындағы шағын өзендер арнасынан асты. Провинция басшыларының хабарлауынша, апаттан қаза тапқандар жоқ.
Селдің кесірінен қалааралық бірнеше жол жабылып, мектептерде сабақ тоқтаған. Қазір жаңбыр басылды, төтенше жағдайлармен күрес қызметкерлері баспаналарды су мен батпақтан тазартуға кіріскен. Мамандар нақты қанша ғимарат пен көлік су астына қалғанын анықтап жатыр.
Мұстафа Көлеоғлы, Анталия қаласы Кумлужа ауданының әкімі:
Барлық көпірлер құлап, Кумлужаның орталық көшелері мен үйлерді су басты. Біздің жұмыс орнымыз да су астында қалды. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр, алайда қызметкерлеріміз үлгермей жатыр. Су жоғары жақтан өте көп мөлшерде келуде. Қауіпсіздік сақтап, үйлеріңізден шықпаңыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
11.09.2026, 13:27
Е. Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 13:24
Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
11.09.2026, 13:18
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03