БҚО-да 21 киік өзен бетінде мұз болып қатып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 21 киік өзен бетінде мұз болып қатып қалған

12.12.2022

Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам киік судан шыға алмай, өзен бетінде мұз болып қатып қалған. Казталов ауданының Көктерек және Жұлдыз ауылы арасында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Ақбөкен өлекселері бұл жерде қанша күн жатқаны белгісіз. «Охотзоопром» инспекторлары, ветеринар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатып қалған жануарларды мұздай ойып алған. Кейін мал қорымына апарып, өлекселерді өртеп жіберген.

Ардақ Мұратқызы



Хабарламаларға жазылу