Петропавлда аққулар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда аққулар құтқарылды

28.10.2014
Петропавлда аққулар құтқарылды

Табиғаттың тосын мінезінен биыл диқандар ғана емес, құстар да зардап шегуде.

Солтүстік Қазақстан облысында күннің күрт суытуынан өңірдегі көлдерде мұз қатып, жылы жаққа ұшып кете алмаған құстар көлде қатып қалған.

Облыстық суда құтқару қызметі мен орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының  мамандары Петропавлдың іргесіндегі көлден  12 аққуды осыдан бірнеше күн бұрын байқаған.

Құстар сүңгуірлердің көмегімен судан шығарылып, ботаникалық баққа апарылды.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу