Экономикалық одақта кооперациялық жобаларға басымдық беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық одақта кооперациялық жобаларға басымдық беріледі

10.12.2022

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органы құрылды. Бұл экономиканы энергетикалық ресурстардың негізгі түрлерімен қамтамасыз етуге, ресурстардың ортақ нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, одақ кооперациялық жобаларды қаржыландыруға баса назар аудармақ.

Михаил Мясникович, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

Бізде өтімділігі жоғары тауарлар, әсіресе инвестициялық тауарлар жеткіліксіз. Сондықтан одақтың инвестициялық-инновациялық дамуына баса көңіл бөліп отырмыз. Біз дербес есеп айырысу жүйесін қалыптастыру жолымен жүруіміз керек. Өйткені даму үдерісіне эволюциялық жолмен кіріп жатырмыз.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу