Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек

04.02.2014
Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек
Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек. Бірақ, кей-кейде бұл талапты тараптар бұзып, соның салдарынан отандық кәсіпкерлеріміз қиындық көруде. Мұндай жаңалық Еуразиялық экономикалық комиссияның жиынында мәлім болды.
 
Мәселен, Беларусь кәсіпкерлері үкіметтен өте көп мөлшерде субсидия алады. Яғни, қолдауы мықты, тиісінше, шығыны аз, тауарын да арзанға пұлдай алады.
 
Бұл аз болғандай, қазақ бизнесмендері тағы бір қиындыққа тап болды. Ресей теміржолдары арқылы тауарын тасып жүрген бізге Мәскеу халықаралық талаптар қойып, салықты да сол халықаралық талаптарға сай ала бастады. Оны Дүниежүзілік сауда ұйымына кірумен түсіндіреді. Монополияға қарсы күресу үшін құрылған комиссия аталған мәселелерді қалай шешуге боларын талқылады.
 
Бұдан бөлек, сарапшылар енді Біріңғай экономикалық кеңістіктегі мүше мемлекеттердің бизнесмендері өз тауарын өткізу үшін «Біздің ғана тауар ең мықты» немесе «Біздікі тұрғанда, басқаны  қайтесің?!» деген сынды жарнамалық тәсілдерге сүйенуіне болмайды деген шешім шығарды.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу