Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын ширатуға басымдық беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын ширатуға басымдық беріледі

19.05.2022

Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын ширатуға басымдық беріледі. Бұл туралы Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің өкілдері мәлімдеді. Ел аумағында 13 арнайы экономикалық аймақ бар. Мақсаты - өңірлер мен экономиканың жекелеген салаларын жедел дамыту. Нұр-Сұлтан, Ақтау қалаларындағы нысандар даму көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Оларды жедел дамыту үшін салық жеңілдіктері қаралған. 2020-21 жылдары бюджетке 170 млрд теңгеден астам салық түскен. Осы жеңілдіктерді әртараптандыру ұсынылып отыр.

Серікбай Тұрымов, ҚР Парламенті сенаты қаржы және бюджет комитетінің төрағасы:
«Мысалы Солтүстік аймақтардағы еркін экономикалық аймақтар. Ол жердегі халық санының аздығына байланысты, табиғатымыздың қатаңдығына байланысты ол жерлерге жеңілдіктерді көбірек беруге. Ал қай жерде мысалы мүмкіндіктер бар, ол жерлерде сәл азайтуға. Яғни, ар жағында мемлекеттің мүддесі».


Хабарламаларға жазылу