Қазақ елі тәуелсіздіктің 31 жылында елдіктің еңсесін тіктер қарқынды қадамдар жасап, дербестігін бекемдей түсті. Келешегіне кемел жоспар құрды. Осы ретте өткен мен бүгінді саралай келе, ең маңызды даталарды жадымызда тағы бір жаңғыртайық.
1997 жыл. 10 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында мәңгілік достық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Президенттің Жарлығымен бұрынғы Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
1998 жыл. 15 қаңтарда Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасында серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық таныстырылымы өтті. 30 маусымда Президент жанынан шетел инвесторларының Кеңесі құрылды.
1999 жыл. 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш халық санағы өтіп, елде 14 млн 953 мың 100 адамның тұратыны анықталды. 1 наурызда төрт саяси партияның басын қосқан «Отан» республикалық партиясы құрылды. 7 шілдеде Алматы орталық мешітінің құрылысы аяқталды.
Дарын Сағитов