Мәжіліс «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмысын бақылай алуы мүмкін. Мәжіліс «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына негізделген. Қоғамдық бақылау жүргізетін азаматтар мекеме немесе компаниядан ақпарат сұратуға, нысандардың әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы болады. Қорытынды құжаттар 10 күн ішінде қаралып, дәлелді жауап берілуі тиіс. Қоғамдық бақылауға 18 жасқа толмаған, соттылығы бар, наркологиялық немесе психикалық есепте тұрған адамдар жіберілмейді. Заң аясында онлайн-петиция беру тәртібі де реттеледі. Құжат енді екінші оқылымда қаралады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Сол арқылы енді ұсыныстар, хабарламалар, елдің тілегі рәсімделіп, мемелкеттік құрылымдар немесе құрылымдар оларға жауап беруге міндеттеледі. Сондықтан бұл да азаматтық қоғамның қалыптасуына жасалған оңды қадам деп бағалаймыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12