Пентагон Украинаның Соледар қаласын ресейліктердің басып алғанын растамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон Украинаның Соледар қаласын ресейліктердің басып алғанын растамады

12.01.2023
Пентагон Украинаның Соледар қаласын ресейліктердің басып алғанын растамады

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы әскердің қолбасшысы етіп Валерий Герасимовты тағайындады. Бұған дейін ол ресейліктердің көрші елдегі жеңілістері үшін қатаң сынға ұшыраған еді.

Ал осыған дейінгі қолбасшы Сергей Суровикин Герасимовтың орынбасары лауазымына ауыстырылды. Британ барлаушыларының мәліметінше, бұл өзгерістің бәрі Кремльдің Украинадағы сәтсіздіктерін білдіреді.

Ресейдің «Вагнер» тобы болса, Донецк облысындағы Соледар қаласын ресейліктердің басып алғанын және онда Украинаның 500-дей жауынгері бар екенін хабарлаған еді. Бұны Киев растаған жоқ.

Сонымен қатар АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин де мәлімдеме жасап, Соледар үшін шайқастың әлі жалғасып жатқанын атап өтті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу