Өскеменде Бауыржан Ерденбековтің «Абайдың әдеби ортасы» атты монография жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Бауыржан Ерденбековтің «Абайдың әдеби ортасы» атты монография жарық көрді

02.03.2015
Өскеменде Бауыржан Ерденбековтің «Абайдың әдеби ортасы» атты монография жарық көрді

«Абайдың әдеби ортасы» атты монография ең алғаш рет 2008 жылы басылды. Ол бұл жолы араб қарпінде жарық көрді.

Автордың айтуынша, мұндағы басты мақсат – Қытай, Түркия, Моңғолияда тұратын отандастарымыздың абайтануға байланысты қызығушылықтарын қанағаттандыру.

Ал, қалған 4 кітап Абайдың мектебінен тәлім алған дарынды ақын Әріп Тәңірбергенұлына арналған.

Келесі жылы ақынның туғанына 160 жыл толады. Әзірге, жаңа кітаптар 100 данадан басылды. Автордың айтуынша, барша оқырмандарға бұл ғылыми еңбектердің электронды нұсқасы тегін таратылады. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу