Екібастұздағы апат: Жылу берілген үйлер саны көбейіп келеді
Екібастұздың жылу желілеріндегі апат салдарын жою жұмысы жалғасып жатыр. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыстарды бастан аяқ бақылап, төтенше жағдай зардабы толық жойылғанға дейін қалада болады. Ресми мәлімет бойынша, жылу беріліп жатқан үйлердің саны көбейіп келеді.
Жанар Науешованың үйіне жетінші күн дегенде жылу берілді. Бірақ әбден суып қалған пәтердегі температура әлі қалыпты мөлшеріне келмеді. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көшесіндегі бұл көп қабаттың тұрғын үйдің барлық пәтеріне жылу жете қоймаған.
Жанар Науешова, Екібастұз қаласының тұрғыны:
Енді түннен бері жылу қосқандай болды үйге. Бірақ бәрі жылынып үйлгерген жоқ, әлі суықта отырмыз. Киім шешсек тоңамыз. Жарық қосамыз, жылыту құрылғысын қосамыз, бірақ оның бәрі өшіп қалады. Бір жарты сағатқа шыдай ма, шыдамай ма, өшіп жатады.
Қаладағы 78 үйдің 48-інде қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Қалған жылудан ажыратылған 28 көп қабатты үйде 36 жедел бригада мен 50 техника қызмет етіп жатыр. Қала әкімінің айтуынша, төтенше жағдайға байланысты құрылған коол орталыққа көбіне жылудың өшуі және батареялардың жарылуы бойынша көп шағым түседі.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:
Екі мың батареядай жеткіздік, оны орнатып жатырмыз. Одан басқа, тағы екі мың батарея керек деген қажеттілікті айқындадық. Колл орталығына біраз шағымдар келіп түсіп жатыр. Осы оқиға басталғаннан бері төрт жарым мыңнан көп шағым келіп түсті.
Қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.
Асылбек Данияр, Олжас Берікбаев
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05