Мүгедек балалар қоғамға бейімделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек балалар қоғамға бейімделеді

17.06.2014
Мүгедек балалар қоғамға бейімделеді
 
Жамбыл облысының Аса ауылында ақыл-ойы мен дене мүшесінде кемістігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды. Білім беру мен емдеу ісі талаптарына сай етіп тұрғызылған мекеме мүгедек баласы бар 30-ға тарта ата-ананың жан күйзелісін жеңілдетті.
 
Өйткені, орталықта дефектолог, психолог, терпавет ескілді білікті де тәжірибелі мамандар әр баламен жеке жұмыс істейді. Дене қиымылын ширатады. Таным-түйсігін кеңейтеді. Орталыққа келушілерге мұнда, сондай-ақ, жатын бөлме мен асхана да бар.
 
Әлеуметтік такси балаларды ата-анасымен күнделікті үйінен алып кетіп, кешкісін апарып салады.   Бұған дейін мұндай орталық тек облыс орталығы - Таразда ғана болатын. Келешекте Шу ауданында да ашылады, деп жоспарланып отыр. 
 
Жанна Баубекова, Аса ауылындағы мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры:
Мұнда балалардың қимыл қозғалысындағы бұзылысты реттеуге арналған фоэтон костюм бар. Гравестат костюмдерін сатып алдық. Балалармен   жоғары тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу