Таразда аутизмге шалдыққан балалар үшін оңалту орталығы ашылды
Таразда аутизмге шалдыққан балалар үшін сауықтыру орталығы ашылды. Мұнда жылына 300 балаға ем көрсетіледі. Бұл – еліміз бойынша тегін қызмет көрсететін 10-шы бейімдеу мекемесі.
Жалпы Жамбыл облысында осындай диагнозбен 219 бала есепте тұр. Жаңадан ашылған орталық күніне 60 баланы 1 сағаттан қабылдайды. Мұндағы мамандар халықаралық сарапшылар әзірлеген технологияларды пайдалана отырып, әр баламен жеке жұмыс жүргізеді. Қазір бейімдеу мекемесінде 52 бүлдіршін тегін ем алуда. Ал, бұған дейін психикасында ақауы бар балалар ақылы түрде қаралып келді. Қала тұрғындарынан бөлек, аудан, ауылдан келген азаматтар да дәрігер нұсқаулығымен балаларын қарата алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14